Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАқтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кісі өлтірген күдіктіге қатысты іс қаралды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күдікті У. жәбірленуші С.-ны көлікте жүргізушінің қауіпсіздік белдігімен тұншықтырған. Сөйтіп ол жәбірленушіні өлітіріп, оның 150 мың теңге тұратын алтын алқасы мен Toyota Camry автокөлігін иемденген. Күдікті жәбірленуші С.-ның жеке басын анықтауды қиындату үшін оның бетін пышақпен тіліп, мәйітін ауылдық жолдың жанындағы бұталар арасына тастап кеткен.
Сотталушының кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің, сарапшылардың айғақтарымен, оқиға болған жерді тінту және қарау хаттамаларымен, сараптамалардың қорытындыларымен және алынған заттай дәлелдемелермен расталды.
Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушінің талап арызы ішінара қанағаттандырылды. Сонымен, сот полиция департаментінің басшылығына тиісті шара қолдану үшін жекеше қаулы шығарды, – делінген сот хабарламасында.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер