6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТүркияның «Бешикташ» клубы Ресейдің ЦСКА командасындағы Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновпен келісімге келді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Sports Digitale-тің хабарлауынша, қазір ресейлік және түркиялық клуб арасында келіссөз болып жатыр. Ресейлік клуб «Бешикташтың» Зайнутдиновтың трансфері үшін сұраған бастапқы сомасын төрт млн еуроға дейін түсірді.
«Бешикташ» Зайнутдиновтың трансфері үшін ЦСКА-ға 3 млн еуро және тағы осыншама еуро бонус ретінде ұсынған. Мәскеулік клуб бірден қолма-қола 6,5 млн еуро сұрап отыр.
Sabah агенттігінің мәліметіне қарағанда, Түркияның клубы ЦСКА-ның сұраған ақшасына келіспей, футболшыны 4 млн еуроға сатып алған. Енді Зайнутдинов келісімшарт бойынша «Бешикташтың» құрамында 4 футбол маусымын ойнайды.
25 жастағы футболшының ЦСКА-мен келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген. Мәскеулік клубқа ол 2023 жылы «Ростов» клубынан 2 млн еуроға сатып алынған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі