22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы, алаяқтық үшін сотталған Абылай Мырзахметов жазасының қалған бөлігін бас бостандығын шектеу жазасына ауыстыруды сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мырзахметовтің өтініші 28 қаңтарда қаралды. Ресми деректерге сәйкес, сот жазаны өтеу кезеңіндегі сотталушының тәртібі мен жағдайын, оның ішінде қамауда ұстау уақытын зерттеп, сот отырысына қатысушылардың пікірін тыңдады. Қылмыстық-атқару кодексінде сотталғандардың оң тәртібі және жазаны өтеу жағдайлары (жалпы, қатаң, жеңілдетілген және жеңілдікті) қарастырылған.
Сотталушының тәртібіне оң баға берілмеген және жазасын өтеудің жалпы жағдайында отыр. Жаза мерзімі ішінде сотталған тек бір ғана көтермелеу алды, ол – еңбекке адал көзқарасы үшін марапат. Алайда, заңға сәйкес, бұл оның сотталған тұлға ретіндегі негізгі міндеті. Осыған байланысты, сот жазаның қалған бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстыруға негіз жеткіліксіз деп таныды. Осы себепті сотталған азаматтың өтініші қанағаттандырылмады, – деп хабарлады Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі.
Ал Мырзахметов алты ай өткен соң қайта өтініш беруге құқылы. Қазіргі таңда жазасын Павлодардағы қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеп жатыр.
Айта кетейік, Абылай Мырзахметов сот үкімі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылып, 5,8 млрд теңге көлеміндегі қаржысы тәркіленді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев