Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҒалымдар алдағы 100 жыл ішінде 500-ден астам құс түрі Жер бетінен жойылып кетуі мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Nature Ecology & Evolution журналында жарияланған жаңа зерттеуде мәлім болды.
Мамандар бірегей, түрлі-түсті, экожүйеде маңызды рөл атқаратын жүздеген құс түрі жойылудың алдында тұрғанын айтады. Қауіп-қатердің негізгі себебі — климаттың өзгеруі мен табиғи мекен ортасының жоғалуы.
Зерттеу барысында шамамен 10 мыңға жуық құс түрі қарастырылып, олардың жағдайы Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл тізіміне негізделіп бағаланған. Ғалымдардың айтуынша, егер бүгінгі күні адамзаттың табиғатқа ықпалы мүлде тоқтатылған күннің өзінде, 250-ге жуық түр жойылып кетеді.
Қазіргі таңда біз құстардың жаппай жойылу қаупімен бетпе-бет келіп отырмыз. Бұл — бұрын-соңды болмаған экологиялық дағдарыс, — дейді зерттеу авторларының бірі, Рединг университетінің профессоры Керри Стюарт.
Оның айтуынша, кейбір құс түрлерін сақтап қалу үшін арнайы шаралар қажет — мысалы, жасанды көбейту, табиғи мекенін қалпына келтіру және қорғау аймақтарын кеңейту.
Зерттеу нәтижесінде жойылып кету қаупі жоғары құс түрлерінің денесі ірі немесе қанаты ұзын болатыны анықталған. Мұндай құстар көбіне аңшылыққа жиі ұшырайды және өмір сүретін ортасының бұзылуына әлдеқайда сезімтал. Сонымен қатар, климаттың өзгерісі де бұл құстардың өмір сүруін қиындатып отыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары