10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚостанай облысы бойынша балалар омбудсмені Несібелі Бәсенова бес жасар қызға жасалған зорлық-зомбылық оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желідегі парақшасында кәмелетке толмағандар тобының бес жасар қызға зорлық-зомбылық көрсету дерегін қатысты, қазір қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, ол жәбірленушінің анасымен кездесіп, істің мән-жайын біліп, әйелге дағдарыс орталығынан тұруды ұсынған. Қыздың анасы бұған келіскен, бірақ содан бері телефонға жауап бермеген.
Бұл атышулы істі Қостанай әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия қарады. Күдіктілердің ата-аналарына қатысты материалдар жиналып, Қостанай облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісінде, - деп толықтырды омбудсмен.
Ол барлық мүдделі мемлекеттік органдар атсалысып, зардап шегушіге көмек көрсетуде деп сендірді. Несібелі Бәсенова бұл істің Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мен прокуратураның бақылауында екенін де жазды.
Еске салайық, бұған дейін бес жасар қызды 2-3 бала зорлады деген күдікке ілінгенін хабарлаған едік.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді