28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарForbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың жаңартылған тізімін жариялады. Оған Қазақстаннан алты адам енді. Олардың бесеуінің байлығы АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптан асып түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандықтардың арасында көш басына Вячеслав Ким жайғасты – ол 464-орында, оның байлығы 7,1 миллиард доллар деп бағаланады. Forbes сайтының мәліметінше, Ким – Қазақстандағы ең ірі финтех-компания саналатын Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы.
Михаил Ломтадзе 597-орынға ие болды, оның байлығы 5,9 миллиард доллар деп бағаланған.
Үшінші орында Тимур Турлов тұр – ол 605-орынға жайғасқан, оның байлығы 5,8 миллиард доллар. Турлов – Freedom Holding-тің негізін қалаушы және бас директоры. Бұл компания Қазақстанда, Орталық Азияда, Еуропа мен АҚШ-та қаржылық қызмет көрсетеді.
Тізімде Владимир Ким де бар – ол 620-орында, оның байлығы 5,7 миллиард доллар. Владимир Ким – «Қазахмыс» холдингінің президенті.
673-орында Динара және Тимур Құлыбаевтар орналасқан. Олар Halyk Bank пен «Алмэкс» холдингтік тобының негізгі иелері. Олардың байлығы 5,3 миллиард доллар деп бағаланады.
Қазақстандықтардан тізімді Болат Өтемұратов қорытындылады. Ол 3,7 миллиард доллар байлыққа ие. Forbes-тің мәліметінше, Өтемұратов – қонақ үй бизнесі мен Kar-Tel, сондай-ақ қырғызстандық Sky Mobile мобильді байланыс операторларына инвестиция салған кәсіпкер.
Айта кетерлігі, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп бұл тізімде 711-орында, оның байлығы 4,9 миллиард доллар деп көрсетілген.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?