6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлімізде бірқатар қалалық поилция басқармасының бастықтары тағайындалды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ қалалық полиция басқармаларының бастықтары лауазымына үміткерлерді қарады. Министрдің бұйрығымен Тараз қалалық полиция басқармасының бастығы лауазымына Сматов Қанат Ералыұлы, Жамбыл облысы ПД Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы лауазымына Мадимаров Ардақ Тілегенұлы тағайындалды. Бұрын ол аймақтық департаменттің криминалдық полиция басқармасының бастығы болып жұмыс істеген, - деді ол министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Оның атап өтуінше, Орал қалалық полиция басқармасының бастығы болып Абдрахманов Асқар Қоңырұлы бекітілген.
Бұған дейін ол Батыс Қазақстан облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы қызметін атқарған.
Ал Иманов Болат Сапарғалиұлы Қостанай қалалық полиция басқармасы бастығы лауазымына тағайындалды. Ол бұрын Рудный қаласының полициясын басқарған.
Рудный қаласы ПБ бастығы болып Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеген Байзақов Аманжол Мәмбетұлы кірісті.
Арқалық қалалық полиция басқармасының бастығы болып Баймурзин Орал Тумурзаұлы бекітілді. Ол бұған дейін Қостанай облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған, - деді Шұғыла Тұрлыбек.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі