Бес ипотека алып, қалай баюға болады? Сарапшы мән-жайды түсіндірді

Бес ипотека алып, қалай баюға болады? Сарапшы мән-жайды түсіндірді

Асқар Таудай
Фото: Ашық дереккөзден

Жылжымайтын мүлік саласына арналған жасанды интеллект жобасының авторы Алексей Гальцев баспана арқылы капиталды көбейтудің қарапайым тәсілімен бөлісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Сарапшының айтуынша, кемінде бір жеке пәтері бар адам жылжымайтын мүлікті дұрыс пайдалану арқылы ұзақ мерзімде өз қаржысын едәуір арттыра алады.

Ол ұсынған тәсіл бойынша, бастапқыда иеліктегі пәтерді сатып, босатылған қаражатқа өз ауданындағы ең арзан баспананы сатып алу қажет. Кейін бір жылдан соң пәтер қымбаттаған жағдайда оны қайта сатып, түскен пайданы капиталға қосу ұсынылады.

«Пәтерің болса, уақыт өте келе капиталды көбейтуге мүмкіндік бар. Пәтерді сатып, қаражатты босатасың. Кейін өз ауданыңдағы ең арзан пәтерді аласың. Бір жылдан соң оны пайдамен сатып, осы әрекетті келесі 10 жыл бойы қайталайсың. Ең қарапайым стратегияның өзімен капитал бес есеге өсуі мүмкін», – дейді Алексей Гальцев.

Алайда сарапшы бір жыл ішінде бағасы айтарлықтай өсетін, болашақта тиімді сатуға болатын пәтерлерді нақты қалай таңдау керегін түсіндірмеген.

Сондықтан мұндай стратегияны қолданбас бұрын жылжымайтын мүлік нарығындағы баға өзгерісін, сұранысты, орналасқан жерді және ипотекалық несиенің пайыздық мөлшерлемесін мұқият саралау қажет. Себебі баспана құнының өсуі әрқашан бірдей деңгейде бола бермейді.

Жылжымайтын мүлікке инвестиция салу ұзақ мерзімді пайда әкелуі мүмкін болғанымен, нарықтағы жағдай мен экономикалық өзгерістер бұл саладағы табысқа тікелей әсер ететінін де ескерген жөн.

@realiste.ai КАК УВЕЛИЧИТЬ КАПИТАЛ В 5 РАЗ❓ Если у тебя есть хотя бы одна квартира в собственности, ты уже можешь разбогатеть и стать очень обеспеченным человеком💰 Есть схема, которая просто работает со временем. Ты берешь свою квартиру, продаешь - освобождаем капитал. Дальше ты делаешь только 1️⃣ действие. Ты берешь и покупаешь самую дешевую квартиру в своем районе и просто через год ее продаешь с прибылью📈 И повторяешь это действие, покупая самую дешевую квартиру в районе на протяжении следующих 10 лет. Твой капитал при такой самой простой стратегии вырастет в пять раз ⬆️ и у тебя будет через 10 лет пять квартир. И это уже уровень очень обеспеченного человека💁🏻‍♂️ Напиши кодовое слово РЕАЛИСТ в комментариях, и ты получишь доступ к искусственному интеллекту, который расскажет тебе больше об этой стратегии, покажет, где нужно инвестировать в мире 🗺️ в недвижимость, чтобы заработать на этом деньги. Это бесплатно. Напиши кодовое слово в комментариях👇 #недвижимость #инвестиции #финансоваясвобода #квартиры #капитал ♬ оригинальный звук - Alex Galt

Оқи отырыңыз

{