13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызЕліміздің бес өңірінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қостанайда жеткізу тізбегінен делдалды алып тастау есебінен қарақұмық бағасы 25% - ға (340 теңгеден 260 теңгеге дейін) төмендетілді.
Солтүстік Қазақстан облысында дәл осындай алгоритм бойынша супермаркеттер желісіндегі қарақұмық бағасы 40% - ға арзандатылды. (3 кг қаптамасы үшін 2374 теңгеден 1450 теңгеге дейін).
ШҚО-да ҚМА аумақтық Департаментінің бастамасымен білім беру мекемелерінде алдағы жылға қарақұмық пен қантты сатып алу бағасы қайта қаралды. Орташа алғанда, өнімдердің құны 30% - ға төмендеді (қарақұмық 35% - ға, 625-тен 420 теңгеге; қантқа 20% - ға, 536-дан 435 теңгеге).
Сондай-ақ, Ақмола және Қызылорда облыстарында қант пен ұнға сауда үстемесін бірнеше рет асырғаны үшін екі көтерме жеткізуші жауапқа тартылды. Нәтижесінде бағалар шамамен 15% - ға төмендеді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды