Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚарашаның 12-17 күндері Еуропада өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концерттер турына орай, Берлин қаласында әншіге арналған «JULDYZ» атты өнер көрмесі ашылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Көрме Erster Erster галереясында өтіп жатыр. Галерея 14 қарашада Димаштың «Stranger» шоуы өткен Макс-Шмелинг-Галле аренасының жанында орналасқан.
Экспозиция авторы - суретші Пунктгеляут. Ол майлы бояу және қарындаш техникасын қолданып, Димаштың өнер жолындағы әртүрлі сәттерін бейнелейтін жұмыстарын көпшілік назарына ұсынып отыр.
Көрмеде тек Димаштың портреттері ғана емес, Раушан Құдайберген мен Расул Усмановтың ерекше атмосфера тудыратын бейнелері де көрсетілген.
Автордың айтуынша, бұл туындылар Димаштың тек музыкалық феномен ретіндегі емес, сонымен қатар қоғамдық мәселелерге үн қосатын тұлға ретіндегі болмысын ашуға бағытталған.
Әнші әлемдік гастрольдерімен қатар, бейбітшілік пен білімді қолдауға үлес қосып, жас дарындарға қолдау көрсетіп келеді. Ол Қазақстанның атын халықаралық аренада танытып жүрген азаматтардың бірі.
Көрмеге кіру тегін. Ал сатылған картиналардан түскен қаражаттың жартысы БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын қолдауға бағытталған, Қалған жартысы қазақстандағы білім мен экология бағытында жұмыс істейтін «Сәби» қайырымдылық қорына аударылады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары