Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАбай облысының әкімі Берік Уәли Семейді жасыл қалаға айналдыру қажеттігін тапсырды. Бұл туралы ол Қарағайлы ықшам ауданында өткен сенбілікте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аймақ басшысы мемлекеттік қызметкерлермен бірге «Арена» спорт кешені аумағындағы алаңқайға ағаш көшеттерін отырғызды «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы шара барысында 350 түп терек егілді.
Өз сөзінде облыс әкімі қаланы көгалдандыру, абаттандыру бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын атап өтті.
Бұрын Семейдің жасыл желекті қала болғанын тарихтан білеміз. Соны қалпына келтіруіміз керек. Ағашты көп егуіміз қажет. Бізде бұған барлық мүмкіндік бар. Қасымызда қарағайлы орман тұр. Алдағы уақытта облыс орталығының көркін кіргізіп, ажарын ашу үшін қаланың шетіндегі мың гектардан астам аумақта жаңа ықшам аудан салуды жоспарлап отырмыз. Онда әкімшілік ғимараттар, мәдени-спорт нысандары, жаңа саябақтар бой көтереді. Төрт апта бойы жалғасқан сенбілік барысында қаламыз айтарлықтай тазарып қалды. Тұрғындар белсенді қатысуда. Әлі де бірлесе атқаратын жұмыс көп, – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімдігі жалпықалалық сенбілікке 20 мыңға жуық адам қатысқанын атап өтті. 2500 текше метрден астам қоқыс қалалық полигонға шығарылды. Сенбілік барысында 15264 аула мен жалпы ұзындығы 4000 метрге жуық арық тазартылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары