Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБерік Уәли Семей қаласын аралау барысында жаңа коммуналдық техникаларды көрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шаһардағы тазалық жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін мердігер ұйымдармен бірлесіп 60-қа жуық жаңа арнайы техника сатып алу жоспарланған. Қазіргі таңда 10 жаңа техника жеткізіліп, іске қосылды. Бұл өз кезегінде 100-ге жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Арнайы техникалар қыста қар күреп, көктем-күз айларында жолдарды жуып-тазалауға, көшелерді сыпыруға, құм себуге арналған. Ал жаңа техникалар қаланың орталық көшелерінен бастап, барлық шағын аудандар мен тұрғын үй кешендерін тазалауға жұмылдырылатын болады.
Облыс әкімі қаланың тазалығы үнемі назарда болатынын атап өтті.
Қала тазалығына байланысты тұрғындар тарапынан аз шағым айтылмайды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмысты жандандырдық. Алдағы уақытта облыс орталығында арнайы техникалардың санын көбейтеміз. Қала келбетін жақсарту, тазалықты сақтау күнделікті және жүйелі жұмысты қажет етеді, - деді аймақ басшысы.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?