Бүгiн, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыАбай облысына жаңа әкім қызметке кіріскеннен кейін алғашқы тағайындау жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Берік Уәли қаржы басқармасына Гүльфайрус Серікболованы бекітті. Гүльфайрус Сәкенқызы 1975 жылы 12 шілдеде Семей облысы, Жарма ауданы, Қапанбұлақ ауылында дүниеге келген.
2005 жылы Алматы экономикалық және статитикалық академиясын «қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған. Алғашқы еңбек жолын 1995 жылы Жарма аудандық телекоммуникация торабының есепші маманы болып бастады.
2001-2002 жылдары Жарма ауданы Солнечный ауылындағы ОВ 156/21 мекемесінің инспекторы.
2003-2005 жылдары Жарма ауданының жұмыспен қамту орталығының бас маманы.
2005-2009 жылдары Жарма аудандық ішкі саясат бөлімінің есепшісі.
2009 - 2011 жылдары Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің сектор меңгерушісі.
2011-2015 жылдары Жарма ауданының қаржы бөлімінің басшысы.
2015 жылдың сәуір-маусым аралығында Жарма ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2015-2016 жылдары Жарма ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысының орынбасары.
2016 - 2022 жылдары Жарма ауданының қаржы бөлімі басшысы.
2022 жылдың 23 тамызынан бастап Абай облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары.
2025 жылдың 26 ақпанынан бастап Абай облысының қаржы басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.
Бүгiн, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?