30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАбай облысының әкімі Берік Уәли Бесқарағай ауданындағы жұмыс сапарында Ерназар ауылында асыл тұқымды жылқы өсірумен шұғылданатын «Мукинов» шаруа қожалығының ғылыми жетістіктерімен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шаруа қожалығы 2022 жылы «Бесқарағай» аталатын қазақы жылқының жаңа тұқымын шығарған болатын. Гендік негізіне байланысты Шойынқара және Байторы деген атау берілген қылқұйрықтылардың ерекшелігі – кез келген ауа райына төзімді. Бойы биік, етті әрі сүтті. Тебіндегі айғырлары 700, биелері 600 келіге дейін тартады. Мініске де, жегіске де шыдамды. Селекция жұмысына Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университеті мен Семейдегі Шәкәрім университетінің ғалымдары атсалысты. Қазақы жылқыларды будандастыру арқылы жаңа тип шығару жұмысы 1968 жылы басталған.
Шаруа қожалығы былтыр «Ертіс» аталатын қазақы жылқы тұқымының жаңа зауыттық типін таныстырды. Бұл – Бесқарағай ауданындағы жылқылардың жаңа типіне сәтті іріктеу жүргізген екінші қадам. Қазір шаруашылықта қазақтың ақ бас сиырынан Бесқарағай өңіріне бейімделген мүйізсіз сиырдың жаңа типін шығару бағытында ғылыми жұмыс жүргізілуде.
Облыс әкімі шаруашылықтың ғылыми жетістіктерін жоғары бағалап, осы бағыттағы жұмысты жалғастырудың маңызын атап өтті.
Мал тұқымын асылдандыру – маңызды мәселе. Бесқарағай ауданында өсірілген қазақы жылқы тұқымын облыстың барлық аудандарына таратып, мал сапасын жақсарту қажет. Саннан сапаға көшетін кез келді. Ауыл шаруашылығы басқармасы шаруа қожалығына жан жақты қолдау көрсетіңіздер, - деді аймақ басшысы.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды