30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАбай облысының әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданына жұмыс сапары аясында «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына қарасты Камышенка орманшылығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орманшылармен пікірлесіп, мекемедегі техникаларды көрді. Камышенка орманшылығы жерінің жалпы ауданы 20 111 гектарды құрайды. Оның 18 579 гектары - орман алқабы. Орманшылық иелігінде бір кеңсе, типтік орман өрт сөндіру станциясы, өрт-бақылау мұнарасы, арнайы автотракторлық техника мен бірнеше өрт сөндіру көліктері бар. Қазіргі уақытта мұнда 15 қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ, 18 адамнан тұратын жеке құрам бар.
Облыс әкімі орманшылардың табиғатты қорғау бойынша атқарып жатқан еңбектерінің ерекше екенін атап өтті. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға қатысты жұмыстардың жалғасатынын айтты.
Орманды қорғау, табиғатты аялау әрбір азаматтың парызы деп санаймын. Орманшылардың атқарып жүрген жұмысы өте маңызды. Олар табиғатты қорғап, өрттің алдын алып, үлкен жауапкершілікпен еңбек етіп жатыр. Жергілікті әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетеміз. Табиғатты сақтау, қорғау бәріміздің ортақ міндетіміз, - деді аймақ басшысы.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды