Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Қазақстан спорттық ату федерациясының төрағасы Берік Асылов Жапонияда өтіп жатқан Азия пара ойындарында алтын медаль жеңіп алған қазақстандық спортшы Еркін Ғаббасовты құттықтады.
Пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа ату сайысында Еркін 249,1 ұпай жинап, жарыстың жаңа рекордын орнатты және Оңтүстік Кореяның мықты қарсыластарын басып озды.
Бұл жеңіс Қазақстан қоржынына алтын медаль ғана емес, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Паралимпиада ойындарына да жолдама әкелді.
Берік Асылов чемпионды жоғары жетістігімен құттықтап, халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғағаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ спортшылардың сапалы дайындалуына қажетті жағдай жасау, оның ішінде оларды ең заманауи спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Әңгіме барысында Еркін Ғаббасов Федерация басшысына тұрақты көңіл бөліп, қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін ризашылығын білдірді. Спортшы әсіресе Берік Асылов биылғы тамыз айында чемпионатқа дайындық қарсаңында табыстаған WALTHER LG500 ITEC BTE кәсіби пневматикалық винтовкасын ерекше атап өтті.
Заманауи спорттық қару жаттығу үдерісінде және жауапты халықаралық жарыстарға дайындық барысында маңызды қолдау болды.
Айта кетейік, Еркін Ғаббасов бұған дейін Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанған. Ал қазіргі алтын медаль мен жаңа рекорд оның жоғары шеберлігінің, табандылығы мен мақсаткерлігінің кезекті дәлелі болды.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді