Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарБас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусиннің Лондонда жүрген суретіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс кулуарында журналистер Шындалиевтен «Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусин шетелде қалайша емін-еркін жүр? Оларды ұстау жұмыстары жүргізілмей ме?» деп сұрады.
Оларға сырттай сот үкімі шығарылған. Өкінішке қарай, оларды елге қайтару туралы келісімдерде мәселе пайда болды. Біздің органдар келісім болмайынша әзірге ештеңе істей алмайды. Олардың ісі бойынша арнайы үкім бар. Бірақ олардың қаншалықты жұмыс істеп жатқаны жөнінде айта алмаймын, - деді Әсет Шындалиев.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Бергей Рысқалиев пен Аслан Мусиннің Лондонда бірге түскен суреті жарияланды. Суретті қоғам белсендісі Тұрарбек Құсайынов желідегі парақшасында жариялаған еді.
Бергей Рысқалиев бұған дейін Атырау облысы және Атырау қаласының әкімі қызметін атқарған. 2013 жылдың 5 ақпанында экс-шенеунікке іздеу жарияланған. Оған Қылмыстық кодекстің 176-бабы бойынша көзделген қылмысты жасады және ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық құрды деген айып тағылды. 2019 жылдың 25 қаңтарында сырттай сот отырысы өтіп, ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал Аслан Мусин Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі қызметінде болды.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?