23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?«Әл-Иттихад» шабуылшысы Карим Бензема қысқы трансферлік терезе кезінде клубын ауыстырмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Goal мәліметінше, Бензема «Әл-Иттихадтан» кетуіне оның клубтың Про-лигадағы өнеріне көңілі толмауы себеп. Клуб та оны жалға беру құқығымен босатпақ, бірақ міндетті талап бар – ол Сауд Арабиясынан кетпеуі керек.
Дереккөз француздың Эр-Рияд клубына ауысуы мүмкін екенін айтты. Ал мұндай командалар екеу ғана: «Әл-Хиляль» мен «Әл-Наср». Соңғысында Бензема «Реалда» бірге ойнаған Криштиану Роналду бар.
Айта кетейік, 36 жастағы Бензема «Әл-Иттихад» сапына 2023 жылғы жазда ауысты. Оның клубпен келісімшарты 2026 жылғы жазға дейін есептелген.
Биылғы маусымда ол 20 ойында 12 гол соғып, бес нәтижелі пас берді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік