12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікСыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов Бельгия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Елшісі Эрик Де Майерден сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Министрдің орынбасары Бельгия дипломатын Қазақстандағы жаңа қызметімен құттықтай отырып, Астана мен Брюссель арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың және өзара диалогті тереңдетудің жоғары маңыздылығын атап өтті.
Сұхбат барысында Қазақстан-Бельгия ынтымақтастығының өзекті бағыттары мен алдағы екіжақты, соның ішінде парламентаралық диалогының желісі бойынша іс-шараларды талқыланды. Сонымен қатар өзара тиімді экономикалық серіктестікті арттыруға және Қазақстан мен Бельгия арасындағы іскерлік байланыстарды одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірілді.
Кездесу соңында тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы белсенді өзара іс-қимылды одан әрі қолдауға келісті.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер