Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам : Лоу Роуч туралы не білеміз?Қазақ журналистикасы мен поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі Мұрат Мырқанұлы Тастағанов өмірден өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлап, Мұрат Тастағановтың мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады.
Мұрат Мырқанұлы 1953 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Сарықамыс қыстағында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдап, «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде және өңірлік БАҚ-та ұзақ жыл еңбек етті.
«Мәңгі жас ғұмыр», «Марқакөлім – мөп-мөлдірім, мерейім», «Алтын тау – Алтай» жыр жинақтарының авторы, 60-тан астам әннің сөзін жазған. Ол «Күршім ауданының Құрметті азаматы» атанып, туған өлкесінің рухани өміріне өлшеусіз үлес қосты. Ол ана тілі мен ұлттық рухтың жанашыры болды.
«Қазақ тілі» қоғамының Өскемен қалалық ұйымын басқарып, сөздің киесін, тілдің қадірін ұлықтады. Кейін облыстық теле-радиокомпанияда, Семейдегі «Ертіс өңірі» газетінде және Әміре Қашаубаев атындағы филармонияда қызмет етіп, мәдениет пен өнердің дамуына елеулі еңбек сіңірді.
Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам : Лоу Роуч туралы не білеміз?Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд