Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТанымал опера әншісі Ғафиз Есімов қайтыс болды. Суыт хабарды марқұмның жақындары хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Facebook қолданушысы Аймұханбет Есенбеков жазды.
Алматыдан қаралы хабар келді! ҚР Халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері, атақты опера әншісі, профессор, режиссер, өмірдегі, өнердегі досым Ғафиз Есімов өмірден озыпты. Марқұмның отбасына, туыс-туғандарына, достарына, шәкірттеріне қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Жаның жәннәтта, топырағың торқа болсын! Бақұл бол досым!, – деп жазды.
Ғафиз Қадырұлы Есімов 1947 жылы туған,Қазақстанның халық әртісі. 1975 жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1973 жылдан Қазақ академикалық опера және балет театрының әншісі.
Есімов қонцерттіқ-шығармашылық қызметімен де қазақтың халық әндерін, халық композиторларының әндерін және қазіргі қазақ композиторларының ән-романстарын насихаттауға үлес қосты. Гастрольдік сапармен МХР-да (1978), Германияда (1986, 1987), Румынияда (1984), Филиппинде (1983), Шри-Ланкада (1986) т. б. елдерде болды.
К.Байсейітова атындағы республикалық әншілер байқауы (1975, Алматы) мен М.И. Глинқа атындағы бүкілодақтық әншілер байқауының лауреаты.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?