Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБелгілі ардагер-геолог, Қаражанбас кен орнының ашылуына себепкер болған Әділ Молдашұлы Нұрманов 90 жасқа қараған шақта өмірден өтті. Бұл туралы «Қаражанбасмұнай» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1974 жылы Әділ Молдашұлының Қаражанбас кен орнын ашу үшін сіңірген зор еңбегі тарих парағында алтын әріппен жазылды. Сондықтан ҚБМ қызметкерлері оның игі істерін әрдайым құрмет тұтады. «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы мен еңбек ұжымы оның отбасына, жақын-жуық, туыстарына қайғырып, көңіл айтады, - делінген мәліметте.
Әділ Нұрманов 1934 жылы 5 қарашада Маңғыстау облысы, Таушық ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Алматыдағы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін геология саласы бойынша аяқтаған алғашқы түлектердің бірі. Оқуын тәмамдаған соң жолдамамен туған жеріне оралып, «Маңғыстаумұнайгазбарлау» тресі құрылғанда, өңірдегі барлау жұмыстарына қатысып, кейін көптеген барлау экспедицияларына жетекшілік етті. Осы арқылы өлкедегі бірқатар кен орындарының ашылуына себепкер болды.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары