12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікДзюдодан әлем чемпионы Максим Раков лауазымды қызметке кірісті. Ол енді Қарағанды облыстық дзюдо федерациясының вице-президенті лауазымын атқармақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Бірінші бол сайтына сілтеме жасап.
Кеншілер астанасындағы Қанат Байшолақов атындағы спорт кешенінде Қарағанды облыстық дзюдо федерациясының кезектен тыс басқосуы өткен болатын. Аталған жиында өңірдегі дзюдоны дамыту мәселесі қаралып, жыл есебі тыңдалған.
Бұл жолы 2009 жылғы әлем чемпионы Максим Раков Қарағанды облыстық дзюдо федерациясының вице-президенті болып тағайындалды. Сондай-ақ, турас осындай лауазымға Алексей Ломакин да бекітілді. Ал Максим Раковтың әкесі Михаил Раков облыстық федерация президентінің көмекшісі болып жаңа міндет алып отыр.
Максим Раков 2004-2017 жылдар аралығында дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі болды. Ол 2006, 2010, 2014 жылдары Азия Ойындарында 2 күміс, 1 қола медаль иеленді. Сондай-ақ, әлем және Азия чемпионы (2009) және әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2011). Лондон және Рио Олимпиадасына қатысушы.
Белгілі спортшы Қазақстан тарихында дзюдодан әлем чемпионы атанған алғашқы татами шебері. -100 келіде өнер көрсеткен отандасымыз еліміздегі дзюдоға серпіліс әкелген спортшының бірі саналады. Ендігі жерде Раков Қарағанды облысындағы дзюдоның дамуына елеулі үлес қосуды көздеп отыр.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер