23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтөбеде дзюдодан өтіп жатқан ел чемпионатында елімізге белгілі екі дзюдошының күйеулері ел чемпионатында үздік атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әйелдер арасында ауыр салмақта белдесетін Кәмила Берліқаштың күйеуі Ислам Тоқтасын 73 келіде қола медаль иеленді. Алматы облысының намысын қорғайтын дзюдошы Атырау, Алматы, Жамбыл облыстарының балуандарын ұтып, жартылай финалға шықты. Алайда финалға шығар белдесуде ол Абай облысының өкілі Барыс Қуаннан айласын асыра алмады. Дегенмен, ол үшінші орын үшін белдесуде алматылық Ықылас Әлсейіттен басым түсті.
Қос спортшы 2022 жылдың қыркүйек айында отау құрған болатын.
Сонымен бірге, Парижде өткен паралимпиаданың чемпионы Ақмарал Науатбектің күйеуі Мәди Амангелді чемпион атанды. Ол 81 келіге дейін салмақта күресті. Астаналық балуан финал қызылордалық Айғали Қалдыбекті жеңді.
Фото: ҚР дзюдо федерациясы
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады