12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМәһрге 2 мың дана кітап сұраған танымал актриса Құралай Анарбекова көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Актрисаның айтуынша, ол болашақта өзінің үлкен кітапханасын жасағысы келеді екен.
Оқи отырыңыз:
Көбі көлік, үй сұрап жатады. Менің арманым - үлкен кітапхана жасау. Шамамен кітапхананың қандай болатынын білемін. Маған 2 мың кітап берсе екен деймін. Ол кітаптар әншейін емес, бір сирек кітаптар болса. Басты мақсат - оны бір күнде беру емес, жылдар бойы бірге жинап, мәһрдегі 2 мың кітапты болашақта балаларымызға, немерелерімізге мұра етіп беру. Психология, тарихи, әлеуметтану бағыттары бойынша ең жақсы кітаптар сыйласа екен деп армандаймын, - деді Құралай Анарбекова.
Айта кетейік, Құралай Анарбекова қалың көпшілікке «Жаужүрек мың бала», «Брат или брак» фильмі арқылы танылып, бүгінде көрерменнің көзайымына айналған өнер иелерінің бірі.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер