Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКөпшілікке "Шакенти" лақап атымен танымал қазақстандық актер әрі блогер Шәріп Серік тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты айыптауға ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде белгісіз бойжеткен жариялаған бейнежазбада ер адам бір нысанның ішінде жалаңаяқ оның соңынан жүгіріп келіп қолынан ұстап, лифтіден күштеп шығарып жатқаны анық көрінеді. Сондай-ақ, әйел бетінде соққы іздері іздері бар суреттерін жариялап, болған оқиға жайлы айтып берді.
Тіпті ең қорқынышты түсімде де сүйген адамымның маған қол көтеретінін елестетпеген едім. Бірақ бұл шындыққа айналды, – деп жазды ол.
Аталған жағдай бойынша полиция өкілдері бұл оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Шәріп Серік танымал актер, блогер әрі вайнер. Ол әлеуметтік желілерде ерекше контент жасаумен танымал болып, қалың көрерменнің көңілінен шығып жүрген өнер иесі. Өзінің әзіл-сықақ видеоларымен кеңінен танылған "Шакенти" соңғы жылдары кино саласында да өзін көрсетіп жүр. Дегенмен белгілі өнер иесі оқиғаға байланысты әзірге актёрдің өзі түсініктеме берген жоқ.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді