Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыТанымал адвокат, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Джохар Өтебеков экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты іс қалай аяқталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, айыпталушы Қуандық Бишімбаев судьяға телефонының құпия кодын айтып, жантүршігерлік видео түсіргені белгілі болды.
Бишімбаевтың өзіне ор қазып, өзін ұстап бергенін әділдік орнады деуге болады. Сот басталғалы жазадан сытылып кетудің барлық амалын жасады. Қанша ашуланса да, өзін өте жақсы қстады. Бірақ өлім аузында жатқан әйелін түсірген видеосын ұмытып кеткендіктен ғана телефонының құпия сөзін айтты. Осы сәтте қандай жауап берерін білмей састы, - деді адвокат.
Оның айтуынша, Қуандық Бишімбаев 25 жылға сотталуы мүмкін.
Бір өкініштісі, менің өзім Салтанат пен оның ағасы үшін алаңдап, психологиялық соққы алдым. Бірінші күннен бастап экраннан зұлымдық насихатталғандай сезім болды. Менің психологиялық күйзеліске ұшырауыма, әсіресе, сот отырысының дұрыс ұйымдастырылмауы да әсер етті. Ол үшін ұяламын. Жалпы кешегі видеодан соң Бишімбаев 25 жылға немесе өмір бойына сотталуы мүмкін. Ал Байжановқа 4 жыл берілуі мүмкін, - деді адвокат.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді