Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгін Витебскіде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлері кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оған Қазақстан, Беларусь, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Тәжікстан, Пәкістан, Қырғызстан, ҚХР, Иран және Үндістан өкілдері қатысып жатыр. Витебскіге ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин де келді. Қазақстанды ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов таныстырды. Ол өзара мәдени байланыстың маңыздылығын атап өтті.
Мәдени диалогты сақтау және дамыту біздің мемлекеттер дипломатиясының негізіне айналып, шиеленістерді шешуге және өзара мүдделерді жақындастыруға ықпал етіп жатыр, – деп атап өтті Евгений Кочетов.
Келіссөз барысында қатысушылар жалпы атқарылған жұмысты қорытындылап, болашақ жобаларды белгіледі. Сонымен қатар «Дәстүр арқылы болашаққа» халықаралық жастар форумын өткізуді талқылады. Айта кетейік, кездесу Витебскіде 9-15 шілде аралығында өтетін XXXIII халықаралық «Славян базары» өнер фестивалі аясында ұйымдастырылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары