Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіСыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Беларусь Республикасының Қазақстандағы Елшісі Анатолий Ничкасовты қабылдады. Мазмұнды әңгіме барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Алдағы екі жақты іс-шаралар кестесіне, бірінші кезекте, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға сапарына ерекше назар аударылды. Экономикалық дипломатияның рөлін ескере отырып, тараптар екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының жұмысында сыртқы істер министрліктері және шетелдік мекемелердің экспортты жылжыту жөніндегі қызметі бөлігінде тәжірибемен алмасты. Қазақстан ТМД шеңберіндегі Беларусьтің негізгі сауда серіктестерінің үштігіне кіреді. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан және Беларусь арасындағы тауар айналымы 680,7 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға артты. Экспорт көлемі 87,5 млн. АҚШ долларын құрады.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік