20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен өткізген кездесуде экономиканы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экономистер әлем нарығындағы қазіргі ахуал туралы сараптамалық пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ ұлттық экономикаға әсер ететін үрдістерді атап өтіп, экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша алдағы жұмыстарға қатысты бірқатар ұсыныс білдірді.
Инвестиция, сауда және өңдеу өнеркәсібі салаларына назар аударылды. Сонымен қатар Үкіметтің тиімділікке баса назар аудара отырып, басымдық берілмеген шығыстарды оңтайландыру және қаражатты маңызды бағыттарға қайта бөлу жөніндегі қызметі қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?