20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПремьер-министр 1 желтоқсаннан бастап 2025 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ерте қаржыландыруды қолға алуды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Үкімет отырысында Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігі «Бәйтерек» холдингімен бірлесіп, ағымдағы жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2025 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ерте қаржыландыруды қолға алуын тапсырды.
Өнеркәсіп министрлігі мен өңірлер әкімдіктерінің алдына диқандарды минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету міндеті қойылды – 2025 жылы кемінде 1,9 млн тоннаға дейін жеткізу қажет. Ол үшін отандық өндірушілермен бірге диқандар үшін тыңайтқыштың қажетті көлемін шығаруға алдын ала қамдануы керек. Өз кезегінде өңір әкімдіктері жеткізу шарттарына уақтылы қол қойып, қоймаларда тыңайтқыштардың қажетті қорын қамтамасыз етсін.
Сонымен қатар Олжас Бектенов егін орағын уақтылы аяқтағаны үшін диқандарға алғыс білдірді.
Мемлекет басшысы атап өткендей, еңбек адамы – елдің байлығы. Астықты алқаптың дәні диқанның қажырлы еңбегімен, маңдай терімен өседі. Сондықтан еңбектеріңіз жана берсін. Баршаңызға амандық-саулық пен сәттілік тілеймін, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?