1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіОлжас Бектенов 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын табысты жүргізу үшін биылғы 1 желтоқсаннан бастап дихандарды қаржыландыру жұмыстарына кірісуді тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 15 қарашада Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумы барысында айтылған президент тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар қаралды.
Премьер-министр агроөнеркәсіптік кешенді нығайту және ауыл шаруашылығы саласын экономикалық өсудің көшбасшысына айналдыру жөніндегі президент алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін бірқатар тапсырма берді.
Агроөнеркәсіп секторының тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі – қолжетімді несиелеу. Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Бәйтерек» холдингіне тез арада өтінімдер пулын жинақтап, 1 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын сапалы жүргізу үшін дихандарды қаржыландыру жұмыстарына кірісуді тапсырды. Азық-түлік корпорациясы фермерлерден астықты қолайлы бағамен тікелей сатып алуды қамтамасыз етуі керек.
Сонымен қатар премьер-министр биыл ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға бөлінетін жеңілдікті қаржыландыру көлемі едәуір ұлғайғанын атап өтті.
Несиелеу тетігі есебінен 2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші техника паркін жаңартуға мүмкіндік алды. Бұл ретте, техниканы жыл сайын 8-10% деңгейінде жаңартып отыру үшін жеңілдетілген лизингтік қаржыландыру көлемін ұлғайтып қана қоймай, құрастыру зауыттарында өндірісті локализациялау деңгейін арттыру қажет. Бұл – Өнеркәсіп, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен «Бәйтерек» холдингінің міндеті, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?