20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекПрезиденттің 2025 жылғы жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралған Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет басшысы өз жолдауында барлық салада жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізуге басымдық бергенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жедел шаралар қабылдау үшін цифрлық штаб құрылды, оның аясында қазіргі таңда бірқатар шешімдер қабылданып жатыр.
Олжас Бектенов Цифрлық штаб қабылдаған барлық шешім мүлтіксіз орындалу қажеттігін атап өтті.
«Цифрлық даму министрлігі Парламент қабырғасында Цифрлық кодекстің және «Жасанды интеллект туралы» заң жобаларының пысықталуын жеделдетсін.
Цифрландыруды және жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі «Digital Qazaqstan» тұжырымдамалық құжатын әзірлеуге кірісу керек.
Аталған құжат саланың алдағы үш жылға арналған негізгі бағыттарын қамтып, жауапкершіліктің ара-жігін нақты бөліп беруі қажет. Бұған қоса, құжатта тиісті нәтижелер де көрініс табуы керек, - деп атап өтті премьер-министр.
Сонымен қатар Цифрландыру министрлігіне Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру және құру мәселесін пысықтау тапсырылды.
Олжас Бектенов жаппай цифрландыру жаңа салалық ведомствоға ғана қатысты емес, барлық салалық мемлекеттік органдар мен өңірлердің басшыларына да жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?