"Интер Майами" иесі Дэвид Бекхэм аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің американдық клубқа ресми ауысуы туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Он жыл бұрын мен Майамиде жаңа команда құру жолымды енді бастаған кезде, мен осы таңғажайып қалаға әлемдегі ең ұлы ойыншыларды әкелуді армандайтынымды айттым. Олар АҚШ-тағы футболды дамытуға көмектеседі деп санайтынмын. Бүгін бұл арман орындалды. Мен Лео сияқты ойыншының біздің клубқа қосылғанын мақтан тұтамын, сонымен бірге біздің "Интер Майами" қауымдастығына қосылған досымды, керемет жанды және оның отбасын қарсы алғаныма қуаныштымын, - дейді Бекхэм.
Американдық клуб трансферді ресми түрде растады. Месси бұл клубқа еркін агент ретінде ауысты. Ол АҚШ командасында 10 нөмірімен өнер көрсетеді.