Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАфиныда (Грекия) өтіп жатқан еркін күрестен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек (60 келі) қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ол жарысты өте сенімді бастап, іріктеу кезеңінде америкалық Аштон Бесмерді 10:0, 1/8 финалда бейтарап ту астында белдескен Тунджай Вердиевті де дәл осы есеппен (10:0) айқын ұтты.
Ширек финалда украиналық Зураб Алоевті 7:4 есебімен тізе бүктіргенімен, жартылай финалда үндістандық балуаннан 1:5 есебімен жеңілді. Ал қола жүлде үшін белдесуде ирандық қарсыласын 9:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, жүлдегер атанды.
Айта кетейік, бұған дейін осы әлем чемпионатында 80 келіде белдескен Дінмұхаммед Қасымбек те қола медаль еншілеген болатын.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады