6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгін «Алтын Орда» әмбебап сауда кешенінің кәсіпкерлері мен ұжымы тасқыннан зардап шеккен аймақ тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көмек Ақтөбе, Қостанай облыстарының, Торғай даласының, Амангелді өңірлерінің су басқан елді мекендеріне жіберілді.
Базарда кәсібімді дөңгелетіп отырғаныма 20 жылдай уақыт болды. Осы аралықта біздің ұжым әкімшілікпен бірігіп талай игі істерге атсалысты. Табиғат апатынан жапа шеккен еліміздің әр түкпіріндегі бауырларымызға көмек қолын сөзу – парызымыз деп білемін. Қасиетті Рамазан айында, бүгінгі Қадір түні алдында жария садақа деп көмек қолын созып жатырмыз, - деді әмбебап сауда кешенінің кәсіпкері Салтанат Беделқызы.
Айта кетейік, көмектің жалпы көлемі 3 үлкен жүк көлігі мен жалпы көлемі 30 тоннаға жуық 1 газель болды. Логистикалық шығындарды нарық әкімшілігі де қолдады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі