Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұл туралы ҚР Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Ұлттың банктің ақша-кредит саясаты комитеті 2023 жылғы 16 қаңтардан бастап базалық мөлшерлемені 16,75 пайыз деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Алдыңғы шешімде базалық мөлшерлемені көтеру циклін аяқтауға жақындап, жаңа проинфляциялық шоктар болмаса, ақша-кредит саясатын қатаңдату ықтималдығын төмен деп бағаладық. Жылдық және айлық инфляция да, экономикалық өсу динамикасы да базалық болжам траекториясы негізінде қаплыптасуда», - деді Ғалымжан Олжаұлы.
Сонымен қатар ол 2022 жылдың желтоқсан айындағы жылдық инфляцияның артуы алдыңғы шешімде ескерілгендігіне тоқталды. Осыған байланысты ақша-кредит саясаты комитетінің отырысында базалық мөлшерлемені қайта қараудың қажеті болмады.
«Алайда тәуекелдер балансы әлі де жоғары инфляция жағына ығысқан. Инфляцияның орнықты бөлігі мен тарихи максимумды жаңартқан инфляциялық күтулер бұрынғыдай алаңдатушылық тудыруда. Логистикалық жеткізу жолдарының құрылымдық өзгеруі де экономикаға кері әсер етуде», - деді төраға.
Ғалымжан Пірматов инфляция траекториясын төмендету және оны сол күйінде ұстап тұру Қазақстан ұлттық банкінің негізгі міндеті екенін атап өтті. Ол инфляцияның жоғарылауына себеп болатын негізгі тәуекелдер мен факторлар базалық мөлшерлемені ұзақ уақыт ішінде ағымдағы деңгейлерде ұстап тұруды талап етеді дейді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?