29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«Байтақ» жасылдар партиясы «Таза өмір – Чистая жизнь» атты марафонын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оған ауасы жоғары ластанған қалалардың тұрғындары, эко-белсенділері мен партия жақтастары қатысты.
Марафон қатысушылары противогаз киіп алып, Астана, Алматы және Теміртау саябақтары арқылы жүгірді. Акция өнеркәсіптік кәсіпорындардан атмосфералық ауаны ластаушы заттардың шығарылуын азайтуды талап етті. Өйткені ірі өнеркәсіптік қалаларда тұратын адамдар денсаулыққа әсер ететін зиянды және улы заттарға толы ауамен тыныс алуға мәжбүр.
Біз жеке сектордың көмір отынынан табиғи газға көшуін және жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалануды көздейміз.
«Бүгін біз қоғамымызды тұншықтырып жатқан мәселелерді халыққа жеткізу үшін противогаздарымызды шештік!» - деді «Байтақ» жасылдар партиясының көшбасшысы Азаматхан Әміртай.
Азаматхан Әміртай атап өткендей, бұл марафон еліміздің барлық өңірлерінде апта бойы өтеді. Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында эстафетаны партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаттығына кандидат Арман Қашқынбеков пен Алматы қалалық штабының мүшелері қабылдады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек