Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКөк туым желбіре: байрақты үйлеріне ілген астаналықтар көпшілікті тәнті етуде , деп хабарлайды El.kz.
Қазақстандық Жандос Құрманбаев көк туды балконға ілуді Республика күні және Тәуелсіздік күні игі дәстүрге айналдыруды ұсынады.
Ол байрақты балконда ұқыпты орналастырудың қарапайым әдістерімен әлеуметтік желісінде бөлісті.
«Соңғы уақытта жастар өздерінің патриоттық сезімдерін көрсетуге тырысатынын көріп жүрмін.
Олар тудың суреттерін жариялап, оны аватар ретінде орналастыруда» деп бөліседі өз ойымен Жандос.
Оның бастамасын астаналықтар қолдай түсті. Республика даңғылының бойында тұратын елордалықтар еліміздің көк байрағын көпқабатты үйлеріне ілуде.
Республика күні қарсаңында оған аттас даңғылда тудың желбірегені көпшілікті бей-жай қалдырмады. Балкондарға орнатылған жалауды тұрғындар видеоға түсіріп, таң-тамаша болуда.
Астаналықтар осылайша отансүйгіштікті, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті көрсеткісі келеді.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі