Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында байдарка және каноэ есуден екі күміс, екі қола медаль бұйырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алдымен, 1000 метр қашықтыққа байдаркада есуден өнер көрсеткен Кирилл Тубаев қола жүлде еншіледі. Оның алдын Қытай және Өзбекстан спортшылары орады.
1000 метрге байдарка есу, ерлер:
1. Жанг Донг (Қытай) - 3:46
2.Шахриёр Махкамов (Өзбекстан)- 3:49
3. Кирилл Тубаев (Қазақстан)- 3:51.
Сондай-ақ 1000 метрге каноэ есуден Тимофей Емельянов те үштіктен көрінді.
1000 метрге каноэ есу, ерлер:
1.Лай Куан-Чей (Қытайлық Тайпэй) -4:15.942
2.Владлен Денисов (Өзбекстан) -4:15.994
3. Тимофей Емельянов (Қазақстан) - 4:18.
Одан кейін Мария Бровкова мен Руфина Искакова 500 метрге жұптық каноэ есуден күміс медальды қанағат тұтты. Отандастарымыздың алдын қытайлық Олимпиада чемпиондары Шисяо Сюй мен Мэня Суньн орады.
1000 метрге жұптық каноэ есу, әйелдер:
1.Қытай - 2.01
2.Қазақстан - 2.08
3. Таиланд – 2:08.257.
Сонымен қатар тағы бір күміс 500 метрге жұптық байдарка есуден сынға түскен Ирина Подойникова мен Ольга Шмелева да екінші орынға тұрақтады.
1000 метрге жұптық байдарка есу, әйелдер:
1.Қытай құрамасы – 1:49.944
2.Қазақстан құрамасы – 1:51.251
3. Өзбекстан құрамасы – 1:52.832.
Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары