Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБаянауылда Ертіс өңірінің ұлы тұлғаларының мерейтойларына арналған бірқатар іс-шаралар өтті. Атап айтқанда, композитор және әнші Жаяу Мұса Байжанұлының 190 жылдығы, жазушы-сатирик Қадыр Тайшықовтың 125 жылдығы, Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмұқан Исабаевтың және кинорежиссер, қазақ кинематографиясының негізін қалаушылардың бірі Қуат Әбусейітовтың 100 жылдығы кең көлемде атап өтілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыс әкімі Асайын Байханов тұрғындарды құттықтай отырып, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Ата-бабаларымыздың мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау - нағыз отаншылдықтың көрінісі» деген сөздерін еске салды.
Біздің ата-бабаларымыз бізге ұлттық бірегейлігіміздің негізі болған ең үлкен мәдени байлықты мұраға қалдырды. Оны болашақ ұрпақ үшін сақтау біздің міндетіміз, - деді аймақ басшысы.
Мерекелік бағдарлама ұлттық мәдениеттің барлық құндылығын біріктірді. Облыстың мұражайлары мен кітапханалары ұйымдастырған көшпелі көрмелер ерекше назар аударды.
Облыс әкімдігі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, іс-шараға қатысушылар Қалмұқан Исабаевқа арналған экспозициядан оның жеке заттарын: әскери шапан, пилотка, қолжазбалар мен кітаптарын көре алды. «Сырлы жәдігер, шежірелі ғұмыр» көрмесі Қуат Әбусейітов пен Қадыр Тайшықовтың шығармашылық мұрасын көрсетті.
Павлодарлық суретшілер аспанмен астасқан Баянауыл тауларының әлеміне көшіп, табиғаттың сұлулығымен жасалған ғажайып пейзаждық жұмыстарын ұсынды. Сондай-ақ, қонақтар үшін қазақ күресі, бәйге, көкпар, қолөнершілер көрмелері ұйымдастырылды.
«Қазақ айтысының үш дәуірі» тақырыбында өткен айтысқа белгілі ақындар Серік Құсанбаев, Жұмкен Сейітов, Алтынгүл Қасымбекова, Балғынбек Имашев, Айбек Қалиев, Бекарыс Шойбеков, Жансая Мусина және Аспанбек Шұғатай қатысты. Мерейтойлық іс-шаралар МузАрт тобы өнер көрсеткен, концертпен аяқталды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?