Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазіргі уақытта Баянауыл ауданындағы Жасыбай орманшылығында өрт тұтанып, бой бермей жатыр. Өрт сөндірушілер екпінді жел мен құрғап тұрған өсімдіктер жалынның тез таралуына себеп болған. Жергілікті тұрғындар түсірген бейнежазбалардан байқалғандай, өрт Жасыбай демалыс аймағында, таудағы қарағай тоғайларына тарала бастаған.
4 сәуірде 112 пультіне Баянауыл ауданының Жасыбай орманшылығында құрғақ шөптің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы, Қазавиаорманқорғау және Жасыбай орманшылығы департаментінің күштері мен құралдары дереу кірісті. Қазіргі уақытта өртті жоюға 70-ке жуық адам және 20-дан астам техника жұмылдырылды. Екпінді жел мен құрғақ шөп жағдайды қиындатып тұр. Жағдай ерекше бақылауда, - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға орнына Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаменті басшылығы, сондай-ақ әкімдік өкілдері келді. Төтенше жағдайлар министрлігі және облыстық төтенше жағдайлар департаментінің командалық орталығында жедел штаб құрылды. Өрт орнына қосымша құрамында өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің 38 қызметкері мен 11 техника бар колонна жіберілген.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?