Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЖаз басталғалы бері еліміз бойынша орман мен жазық даладағы өрттер толастамай тұр. Бүгін Павлодар облысындағы Баянауыл ауданындағы орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тілсіз жау таңғы сағат 06:55-те тартылған күштер мен құралдардың қабылдаған шараларының арқасында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы толықтай ауыздықталды. Өрт шарпыған аумақтың жалпы ауданы 4,7 гектарды құрады. Жанудың алдын ала себебі найзағай түсуінен болып отыр.
2023 жылғы 6 шілдеде сағат 16.10-да 112 пультіне Баянауыл ауданында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы ашық аумақта құрғақ шөптер мен бұталардың жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өртті сөндіруге ТЖД 6 қызметкер мен бір бірлік техника, орман шаруашылығынан 23 адам мен 7 бірлік техника, сондай-ақ бір авиаборт жұмылдырылды, - деп жазылған Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бұл ретте Павлодар облысы ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды қатаң ескертеді.
Бұған дейін ШҚО-дағы Ұлан ауданындағы орман өрті оқшауланды. Сондай-ақ, Іле-Балқаш резерватындағы қалың қамыстағы жалынға тосқауыл қойылды. Сонымен қоса, кеше Қарқаралы ауданындағы орман өрті дер кезінде сөндірілген болатын.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек