Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық режиссер Асхат Кучинчерековтың «Бауырына салу» фильмі Италияның Иския аралында өтіп жатқан 23-ші Ischia Film Festival халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, аталмыш туынды «Үздік толықметражды фильм» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін картина Asia Pacific Screen Awards-тағы ең үздік жастар фильмі атанды, Әзербайжандағы Baku International Film Festival додасында да бас жүлдеге ие болды. Франциядағы Cinema Heritage Festival байқауында арнайы марапатқа ие болды. Оператор Жанарбек Елеубек Asia World Film Festival-да «Үздік оператор» номинациясы бойынша топ жарды. Сонымен қатар фильм ресми түрде Қазақстаннан «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша «Оскар-2025» сыйлығына ұсынылды.
Фильмнің сюжеті ежелгі қазақ дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесінде болған баланың оқиғасын баяндайды. Әжесі өмірден өткен соң бала ата-анасына оралып, жаңа ортада бейтаныс адамдармен қарым-қатынасы қиындайды, - делінген мәліметте.
2003 жылы негізі қаланған Ischia Film Festival – Еуропадағы ең көркем және ерекше фестивальдердің бірі. Ол ортағасырлық Арагон сарайының аумағында өтеді.
Фестивальдің басты ерекшелігі – киноның көрнекі ортасына және түсірілім орындарының көркемдік рөліне назар аудару. Соның арқасында әрбір фильм мәдени және табиғи кеңістік контекстінде қарастырылады.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі