Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсРесейдің Чита қаласында XII Забайкалье халықаралық кинофестивалі өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, фестиваль қорытындысы бойынша «Жаңа көзқарас» конкурсының үздік фильмі ретінде қазақстандық режиссёр Асхат Күчинчерековтың «Бауырына салу» картинасы танылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.
«Бауырына салу» фильмі әжесінің тәрбиесінде өскен баланың тағдырын баяндайды. Фильмде көне қазақ дәстүрі – бауырына салу айқын көрініс табады. Әжесі қайтыс болған соң бала ата-анасына оралып, олармен қайта байланыс орнатуға тырысады. Бұл – режиссёрдің өз басынан өткен оқиғаларға негізделген туынды, - делінген мәліметте.
Айта кету керек, «Бауырына салу» фильмі бұған дейін де халықаралық деңгейде жоғары бағаланған. Ол Asia Pacific Screen Awards байқауында үздік жасөспірімдер фильмі атанды, Әзербайжанда өткен Baku International Film Festival-дің бас жүлдесін иеленді, Франциядағы Cinema Heritage Festival-де арнайы марапатқа ие болды. Сондай-ақ фильмнің операторы Жанарбек Елеубек Asia World Film Festival-де «Үздік оператор» номинациясы бойынша марапатталды.
Фильм Қазақстан атынан 2025 жылғы «Оскар» сыйлығына «Шетел тіліндегі үздік фильм» санатында ресми түрде ұсынылған болатын.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды