7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?«Бауырына салу» фильмі Франциядағы Cinema Heritage фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, әлемдік кинематографиялық мұраны сақтауға және насихаттауға арналған бұл беделді фестивальде терең мәдени контекст бар. Іс-шара ұлттық кинематографияның дамуына елеулі үлес қосып, халықаралық аудиторияның назарын аударды.
Ұйымдастырушылар кинотуындыны жоғары бағалап, фильмді ЮНЕСКО-дағы басым бағыт саналатын мәдени әралуандықты насихаттауда мәні зор туынды деп тапқан.
Жыл сайын Cinema Heritage фестивалі әлемдік киноиндустрияның майталман өкілдерін жинап, үздіктерді анықтайды. Осы маңызды шарада қазақстандық фильмнің еленуі қазақстандық кино өндірісінің деңгейі мен әлемдік кинематографиядағы орнын көрсетеді, - делінген мәліметте.
Фильм Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ұлттық киноны қолдау орталығының» қолдауымен түсірілген.
Айта кетейік, режиссер Асхат Кучинчереков түсірген «Бауырына салу» фильмі еліміздің атын халықаралық аренада таныстыру үшін «Оскар» комитетіне ұсынылды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?