Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматыда 4 жасар Хантөрені өлтірді деген күдікке ілінген 19 жастағы өгей әкесіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кезекті сот отырысында баланың балабақшадағы тәрбиешісі куәлік берді. Ол Хантөре бөбекжайға келгенде бет-аузы көгеріп, селсоқ күйде болғанын айтты.
Сағат 9:30-дар шамасында баланы алып келді, киімдерін шешкенде беті көгергенін байқадым. Кабинеттен шығып келе жатқанда ол құсып жіберді. Құсқаннан кейін киімін ауыстырып жатқан сәтте баланың өзінен «не болды» деп сұрағанымда «әкем ұрды» деп жауап берді, - дейді.
Баланы ұрғаннан бауыры мен бүйрегі езіліп кеткен, ішегі үзілген. Дегенмен сот отырысында айыпталушы 19 жастағы өгей әкесі кінәсін мойындамай отыр. Бастапқыда айтқан сөзінен жалтарған.
4 жастағы Хантөре балабақшаға бар болғаны 17 күн барған. Жантүршігерлік оқиға былтыр қыркүйек айында болды. Қатты соққы алған Хантөре бес күн жансақтау бөлімінде жатып, көз жұмды.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік