30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты
Батыс Қазақстанда электр желілерінде авариялық бұзылыс орын алды, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы мәлімдеді.
Оқиға 27 шілдеде сағат 18:08-де Атырау облысында қолайсыз ауа райы (жаңбыр, найзағай, дауылды жел) себебінен «Құрманғазы» мұнай айдау станциясын қоректендіретін 220 кВ екі әуелік электр жеткізу желісі (ӘЖ) бір мезгілде ажыратылды. Қолда бар ақпарат бойынша электр жеткізу желілерінің құлаған тіректері табылды.
Бұл «КҚК-К» АҚ-ны 16 МВт энергиямен жабдықтауда шектеулерге әкелді. Бұдан әрі, сағат 18:42-де Атырау мұнай өңдеу зауытында жеткізуші желілердің ендірмелері ажыратылды, «KEGOC» АҚ тарапынан желілер ажыратылмады. Сонымен бір мезгілде «Karabatan Utility Solution» электр станциясының энергия жүйесімен байланыс желілері ажыратылды, осының нәтижесінде электр станциясы генерацияны нөлге дейін төмендетіп, бұл жиіліктің автоматиканың іске қосылу тағайыншамаларына дейін төмендеуіне әкелді. «KEGOC» АҚ электр желілері мен Қазақстанның батысындағы электр станцияларының аварияға қарсы автоматикасы жиілікті төмендету талаптарын ескере отырып, штаттық режимде іске қосылды. Жиілікті босату автоматикасы жұмысының арқасында тұтынушылардың шамамен 90%-ының электрмен жабдықталуын сақтай отырып, Атырау және Маңғыстау облыстары тұтынушыларының толықтай ажыратылуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта технологиялық бұзылыстарды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды