29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Батыс Қазақстан облысында үшем дүниеге келді,– деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Орал қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта Ақмарал Жұмазова 30 маусым күні үш қыз тапты.
Үшемнің әкесі, Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында тұратын Елдос Сағадетовтің айтуынша, олардың бұдан бұрын бір ұл, бір қызы бар екен. Енді, міне, Ақмарал екеуі бес баланың ата-анасы болып шыға келді.
Қазіргі кезде Ақмарал мен қыздары дәрігерлердің бақылауында. Әмина, Рәмина, Мәдина атанған сәбилердің салмағы 2600, 2400 және 1900 грамм.
– Өмірге сәби әкелу оңай емес. Әйтеуір бәрі ойдағыдай болғанына қуаныштымыз. Енді балаларымыз аман-есен өсіп кетсе, біз үшін сол бақыт –, деді Елдос Базарбайұлы.
Елдос аудандық мектептен тыс жұмыстар орталығында ұстаздық етумен бірге қолөнермен де айналысады. Астау, бесік, домбыра жасаудың хас шебері. Ақмарал Талғатқызы 1-мектеп-лицейде физика пәнінен дәріс береді. Жәнібектік тұрғындардың сөзіне қарағанда, бұл - аудан бойынша алғашқы үшем.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек