23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Батыс Қазақстан облысында 21 жастағы жігіт Шағанға батып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 5 шілде күні кешкісін Бәйтерек ауданы Асан ауылында болды.
Сағат 19.54-те «Ранчо» кафесі тұсында Шаған өзенінен 21 жастағы жігіттің денесі шығарылды. Оның досының сөзіне қарағанда, жігіт сағат 18.35-те шомылуға жабдықталмаған жерден түсіп, суға батып кеткен. Оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. БҚО ТЖ департаменті алдағы демалыс күндерінің қатты ыстық болатындығын ескере отырып, тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жабдықталмаған жерден түспеу, сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмау керектігін еске салады, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Департамент мәліметіне қарағанда, кеше сағат 18.40-та сондай-ақ Орал қаласы Желаев кенті ауданында «Карьер» жасанды су қоймасында 16 жастағы екі жасөспірім суға кетіп қала жаздады. Жабдықталмаған жерден суға түскен оларды құтқарушылар аман алып қалды.
Осымен биыл өңірде 2 адам суға кетсе, оның біреуі – жасөспірім. 6 адам құтқарылса, соның бесеуі – балалар.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік